• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қазан, 2022

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы артады

186 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Жамшид Ходжаевпен және Журабек Мырзамахмудовпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми парақшасына сілтеме жасап.

​​Кездесу барысында Әлихан Смайылов Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда-экономикалық әріптесі екенін атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы шамамен 33%-ға өскен. Биыл да оң динамика  көрсетіп отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ Премьер-Министр мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстан-Өзбекстан Үкіметаралық комиссиясы мен Өңіраралық ынтымақтастық форумы елеулі үлес қосып отырғанын айтты.

«Кооперация қарқынын арттыруымыз керек. Егер стратегиялық кооперациялық жобаларымыз көп болса, бұл бизнесті дамытуға және саудадағы кедергілерді жоюға серпін береді. Жалпы, өзара тауар айналымын ұлғайту бағытында жұмыс істеуге дайынбыз», деді Жамшид Ходжаев.