• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2010

КИІКТЕРДІҢ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕН – ПАСТЕРЕЛЛЕЗ

485 рет
көрсетілді

Өткен аптада шалғайдағы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылының шығысында орна­лас­қан Айдарлы елді мекені тұсында дала еркесі – киік­тердің қырылғаны Ақжайық өңірі жұртшылығын қатты алаңдатты. Соңғы деректерге қарағанда ажал құшқан ақ­бө­кендердің саны 3271 басқа жеткен. Оның дені – аналық ешкілер. Сонымен бірге аталған ауыл тұрғындарына қарасты бір жасқа жақындаған алты бұзау да жер жастанған. Оқиға орын алған жерге Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен тосын жағдайға орай Ас­танадан арнайы келген  Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруа­шы­лығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев бастаған жұмыс тобы тікұшақпен шұ­ғыл аттанған болатын. Осындай  оқиға орын алғаны белгілі болғаннан кейін арнайы комиссия құрылған еді. Осы жедел жұмыс тобы қа­зір өзінің алғашқы қоры­тын­дыларын шығарды. Олар жо­ғарыда сандары көрсетілген киіктер мен бұзаулардың өлі­мі­не душар еткен – пастерел­лез ауруы деп тауып отыр. Мұндай диагноз әзірге бір бас бұзаудан анықталған. Деген­мен мамандар қалған бұзау­лар­дың да түбіне жеткен осы ауру екеніне күмән келтір­мейді. – Бұл хайуанаттар арасын­да кездесетін жұқпалы ауру­лардың бірі. Киіктер арасында оның өткір түрі тараған деп айта аламыз. Бұл қорытынды өлген киіктердің ішкі құры­лысынан алынған сынамалар мен сараптамалардан кейін белгілі болды. Ал топырақ пен шөп­тің, судың құрамын тек­серу жұмыстары одан әрі жалғасуда. Осылардың толық қорытындылары шыққан кезде бұл аурудың киіктерге қайдан жұғып, қалай тарағанын айтып беруге болады, – деді газет тілшісіне облыстық аумақтық инспекцияның аумақта мем­ле­кеттік ветеринарлық-сани­тар­лық бақылау ұйымдастыру бө­лімінің бас маманы Фарух Мұ­қанов. Пастереллез жұқпалы, мал, хайуанаттар аурулары тізімінде бар. Бірақ Үкіметтің қаулысы бойынша бекіген өтемақы төленетін тізімде жоқ. Сондықтан алты бұзаудың иесіне өтемақы төленбейді, – деді ол одан әрі. Қазір киіктер өлген аумақ­та профилактикалық іс-шара­лар жүргізілуде. Оған арнайы шектеу жарияланған. Оның мерзімі ең аз дегенде бір ай. Осы уақыт аралығында бұл аймаққа сырттан мал кіргізуге немесе шығаруға тыйым салы­нады. Сондай-ақ мал азығын әзірлеп тасымалдауға да рұқсат жоқ. Жоғарыда айтылғандай, бү­гінде шалғайдағы Айдарлы ауы­лында киіктердің қыры­луына байланысты құрылған комиссия өз жұмысын  жал­ғастыруда. Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы.