Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Базельдегі ATP 500 турнирінің финалына жолдама ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық жұп жартылай финалда хорватиялық Иван Додиг пен америкалық Остин Крайчекпен алаңға шықты. Бірінші партия барысында брейк жасаған хорватиялық-америкалық жұп таразы басын өздеріне аударды. Есеп - 6:3. Бұл жағдай екінші сетте де қайталанды. Есеп - 6:4.
Дегенмен, Голубев пен Недовесов үшін бұл дода табысты болды. Себебі қазақстардық спортшылар өз спорттық мансабында жұп болып, алғаш рет ATP 500 турнирінің жартылай финалына дейін жетті.