• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қараша, 2022

Жамбыл облысында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты

Жамбыл облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ-нің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

«1 қараша күні сағат 08.55-те Меркен ауданы, Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы мен Audi автокөлігі соқтығысты. Апат салдарынан алты адам қаза тапты», делінген хабарламада.

 

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар