Алматыда Абай даңғылында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
«1 қараша күні сағат 13.00 шамасында азамат А., «Hyundai Sonata» автокөлігімен келе жатып, Абай даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, солтүстік бағытта жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға салдарынан 1959 жылы туған әйел оқиға орнында көз жұмды», деді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.