• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қараша, 2022

Алматыда он екі жыл іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

304 рет
көрсетілді

Алматыда он екі жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыскерді ұстау үшін Маңғыстау облысы департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қалаға аттанды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыс жасаған БҚО тумасы 54 жастағы әйел 12 жылдан бері іздеуде жүрген. Осы уақыт ішінде ол Алматы қаласында тұрды. Жалған құжат пайдаланғандықтан оны ұстау мүмкін болмады», делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда алаяқ Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.