• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қараша, 2022

Алматыда шығармашылық салаларға 5,4 млрд теңгеден астам салық төленді

153 рет
көрсетілді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров қалада шығармашылық сала бойынша 27,2 мың кәсіпорын тіркелгенін, оның 22 мыңы жұмыс істеп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімінің орынбасары Алматыдағы шығармашылық салалардың алғашқы аптасында соңғы жылдары ақпараттық жүйелерді жобалау, бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-порталдар, музыка, киноиндустрия, жарнама, маркетинг, білім және мәдениет салаларындағы белсенділік барынша жоғары өсім көрсеткенін айтты.

«Біздің дамуымыздың векторы сәулет, дизайн және заманауи өнер, музыка, кино және анимация, сән және қолөнер, жаңа медиа, цифрлық мәдениеттер, киберспорт және ойындарды дамыту салаларында шоғырланатын болады», деді әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, 2021 жылы ШОБ креативті салалардан төлеген салық көлемі 5,4 млрд теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 5 пайызға өскен. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ең жоғары шоғырлануы Бостандық (5862 субъект), Алмалы (5214) және Медеу (3845) аудандарында, ең азы – Алатау (1138) және Наурызбай (773) аудандарында байқалады.