• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы талайдың қызығушылығын оятады

234 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 мамыр. Уақыт өте келе Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге де елдердің өзара әрекетінің жаңа форматтары пайда болады. Арменияның экс-премьер-министрі Тигран Саркисян бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында осындай пікірін айтты. Бұл туралы рrimeminister.kz хабарлады. Тигран Саркисян: «Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нығаюы өзгелердің бұл ынтымақтастыққа қызығушылығын күшейтеді. Өйткені, бұл бірлестіктен инвесторлар үлкен әлеуетті көруде. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс істейтін институттардың дамуы да тартымдылықты арттырады. Меніңше, болашақта басқа елдермен ынтымақтастықтың жаңа форматтары ойлап табылады. Ең алдымен бұл Еуразия бойынша көршілер болады», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: рrimeminister.kz. Фото: рrimeminister.kz.