• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 02 Қараша, 2022

Алғашқы кезеңде сүрінді

130 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Франция астанасы – Парижде басталған ATP 1000 Paris Masters турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

 

Қазақстандық спортшы алғашқы кезеңде дүниежүзілік рейтингте 74-орында тұрған швециялық Микаэль Имермен шеберлік байқасты. Бублик бірінші сетте матчты брейкпен бастағанымен, кейіннен қатарынан алты геймде қарсыласына жол беріп, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Екінші сетті жерлесіміз сәтті бастағанымен, бәсеке тай-брейкке дейін созылды. Бұл жолы қарсыласына қарағанда сәтті ойнаған қазақстандық теннисші басым болды – 7:6 (7:2). Ал үшінші, шешуші партияда швециялық бәрібір өз дегеніне жетіп, келесі кезеңге жолдама алды – 6:4. Екі теннисші бұған дейін Дэвис кубогы аясында бір мәрте кездесіп, онда жерлесіміз үш сетте – 3:6, 6:0, 6:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ бүгін жұптық сындағы әлемнің 12-ракеткасы қазақстандық Анна Данилина WTA қорытынды турниріндегі алғашқы кездесуін өткізеді. Бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жұптасып өнер көрсететін жерлесіміз алғашқы айналымда Габриэла Дабровски (Канада) мен Джулиана Ольмос (Мексика) жұбымен ойнайды. Аталған дода АҚШ-тың Форт-Уорт қаласында 31 қазанда басталса, 7 қарашаға дейін жалғасады.