• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Қараша, 2022

Инфляция жоғарылаған өңірлер белгілі болды

207 рет
көрсетілді

«Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, қазан айында 2,3%-дық инфляция Шымкентте байқалды», деп хабарлайды Egemen.kz.

Ал Қостанай және Ұлытау облыстарында инфляция көрсеткіші 0,8%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 0,8%-ға төмен.

Бұл ретте азық-түлік тауарлары бір айда Шымкентте 3%-ға, Атырау облысында 0,8%-ға қымбаттады.

2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда қазан айында азық-түлік емес тауарлардың қымбаттауы бойынша көшбасшы Астана қаласы болды. Мұнда 2,6% тіркелді. Ал ақылы қызметтер бойынша ең жоғары өсімді Алматы облысы көрсетті.

2022 жылдың қазан айында Қазақстанда айлық инфляция 1,6%-ды құрады, ал жылдық есепте 18,8%-ға дейін өсті.