Ленин шахтасында бес кенші қаза болған оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша тіркелді.
«Оқиға орнында Қарағанды облысының полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.