• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 04 Қараша, 2022

Үздіктер іріктелген дода

159 рет
көрсетілді

Футболдан биылғы Чемпиондар лига­сының топтық кезеңі мәресіне жетіп, плей-офф бәсекесіне шыққан үздік 16 ұжым белгілі болды.

 

 

Топтық кезеңнің соңғы турында Италияның «Миланы» мен Германияның «Лейпцигі» ақырғы екі жолдаманы қоржындарына салды. Алтыншы турда «Милан» өз алаңында «Зальцбургті» 4:0 есебімен тізе бүктіріп, 10 ұпаймен «Е» тобында екінші орын алса, «Лейп­циг» бейтарап алаңда Украинаның  «Шах­те­рін» 4:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге шықты.

Осылайша, Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Италияның «Милан», «Интер», «Наполи», Англияның «Ливерпуль», «Тот­тенхэм», «Челси», «Манчестер Сити», Герма­нияның «Бавария», «Айнтрахт», «Борус­сия Д», «Лейпциг», Португалияның «Пор­ту», «Бенфика», Бельгияның «Брюгге», Испа­нияның «Реал» және Францияның  ПСЖ коман­далары ойнайды.

Плей-офф кезеңінің жеребесі 7 қарашада тартылады.