• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қараша, 2022

Министрлік Алматы жатақханаларындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

175 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматының студенттік жатақханаларында электр қуатының үзілуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ( Satbayev University), ҚБТУ және ЖенПИ студенттік жатақханалары жарықсыз қалғаны туралы ақпарат тарап жүр.

Ведомство өзінің ресми Telegram-арнасында жедел тексеруден кейін бірнеше университеттерде электр қуатының үзілу фактісі расталғанын атап өтті.

«Жедел тексеруден кейін бірнеше университетте факті расталғанын атап өткен жөн.

Министрлік жағдайды реттеу үшін жұмыс істеуде және студенттердің  құқықтарын одан әрі қорғауға ниетті екенін мәлімдейді», деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.