Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінде лифтінің тросы үзіліп, бір адам көз жұмды, деп хабаралайды Egemen.kz ІІМ ресми парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға 4 қарашада Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде орын алған.
Лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, 39 жастағы ер адам 8-қабаттан шахтаға құлаған.
Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмған.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған факті ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелген.