• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Қараша, 2022

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

265 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) Оберхаузен қаласында (Германия) өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол неміс Хусейн Мұхамедпен (17-0, 14 КО) титул үшін жекпе-жек өткізді. Бұл ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жек үшінші раундта Қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. 

Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіпқой мансабындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, ауыр салмақтағы WBC International чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Хусейн Мұхамед кәсіпқой рингте алғашқы рет жеңіліске ұшырады.