• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қараша, 2022

Аружан Түркияда топ жарды

93 рет
көрсетілді

Түркияның Анталия қаласында өткен ITF World Tennis Tour W15 турнирінде қазақтың дарынды теннисшісі Аружан Сағындықова топ жарды.

Тайпейлік Ю-Юн Лимен жұптасып өнер көрсеткен 17 жастағы Team Kazakhstan академиясының түлегі барлық қарсыласын сыпыра ұтып, финалда ресейлік Анастасия мен Рада Золотаревалардан 7:5, 3:6, 10:4 есебімен басым түсті. Осылайша, қазақ қызы өзінің спорттық мансабында алғаш рет ересектер арасындағы ITF турнирінде бас жүлдені олжалады. «Осындай елеулі табысқа жеткеніме қатты қуанып отырмын. Дәл қазір қандай сезімде екенімді дөп басып айтудың өзі қиын. Бұл мен үшін биылғы маусымдағы ең қуанышты сәт. Сөз орайы келгенде маған үнемі қолдау көрсетіп жүрген Қазақстан теннис федерациясына, сол ұйымның президенті Болат Өтемұратовқа және өзімнің жеке бапкерім Руслан Мұхамедзяновқа шексіз алғысымды білдіргім келеді», деп Аружан ағынан жарылды.

Жекелеген сайыста Аружан Сағындықова ширек финалға дейін жетті. Сол межеде ол сербиялық Наталия Сеничке 6:3, 1:6, 5:7 есебімен есе жіберді.