«B2B Jewelry» қаржы пирамидасының салымшыларына 123 млн теңге қайтарылды. Осылайша, 197 жәбірленуші өз қаражатын қайтарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті «B2B Jewelry» зергерлік дүкендер желісінің қызметімен жабылған қаржы пирамидасының заңсыз әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.