• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қараша, 2022

Ұшақ көлге құлаған: Танзанияда 19 адам қайтыс болды

184 рет
көрсетілді

Танзаниядағы Букоба әуежайына қонуға дайындалған Precision Air авиакомпаниясының ұшағы Виктория көліне құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Citizen газетінің ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 6 қарашада орын алған. Қаза тапқандар арасында экипаж мүшелері мен жолаушылар бар екені анықталды.

Оқиға орнына келген елдің премьер-министрі Кассим Мажалива ұшақ апатынан 19 адам қайтыс болғанын растады.

Басылымның хабарлауынша, ұшақ Дар-эс-Салам қаласынан Букобаға ұшқан. Оқиға орын алған соң, жедел құтқару тобы жіберіліпті.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа ауа-райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.