• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қараша, 2022

Кинг кубогы сарапқа салынады

196 рет
көрсетілді

Бүгін Шотландияның Глазго қала­сын­да теннистен әйелдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогының финал­дық сайыстары басталады.

 

Әлемнің ең үздік 12 командасының қа­тысуымен өтетін дәстүрлі жарыста жер­лестеріміз алғаш рет бақ сынамақ. Қазақ елі құрама командасының сапында Елена Ры­бакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина және Жібек Құламбаева сынды бұрымдылар бар. Біздің қыздар С тобында өнер көрсетеді. Қыз­дарымыз тұсаукесер кездесулерін бүгін Ұлы­­британиямен қарсы өткізеді. Ер­тең Испа­ниямен шеберлік байқасады. 10 қа­рашада қарсыластарымыз өзара күш сынасады. Өзге топтарда мына командалар бақ сынайды: А тобы – Швейцария, Канада және Италия. В тобы – Аустралия, Словакия және Бельгия. D тобы – Чехия, АҚШ және Польша. Әр топтың үздік командалары жартылай финалға жолдама алады. Ал аталған жарыстың жеңімпазы 13 қараша күні анықталады.

Ал WTA-ның қорытынды турнирінде бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен жұп­тасып өнер көрсеткен Анна Данилина үшінші ойында Елена Киченок (Украина) пен Елена Остапенкоға (Латвия) 7:6, 4:6, 8:10 есебімен есе жіберді. Сөйтіп, олар үшін АҚШ-тағы жарыс сәтсіз аяқталды.