Алматыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан 15 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция 98 және 201 автобустарының соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алғанын хабарлады.
«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды», деді полицейлер.
Бұдан бұрын хабарлағандай, бүгін Алматыда Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында екі жолаушылар автобусы соқтығысты.