• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Қараша, 2022

Әлемдік дода Алматыда өтеді

139 рет
көрсетілді

Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) рапид пен блицтен биылғы әлем чемпионаты 25-30 желтоқсан күндері Алматыда өтетінін ресми түрде растады.

Былтыр шахматтың дәл осы түрлері бойын­ша дүниежүзілік дода Польшаның астанасы – Варшавада ұйымдастырылған еді. Блицтен өткен бәсекеде Бибісара Асаубаева (14 ұпай) бас жүлдені олжалап, барша қазақстандық жанкүйерді қуаныш пен шаттыққа бөледі. Ерлердің тартысы франциялық Максим Вашье-Лагравтың жеңісімен аяқталды. Рапид­тен әйелдер арасындағы сайыста ресейлік Александра Костенюк (9,0 ұпай) алтыннан алқа тақты. Одан небәрі 0,5 ұпай қалып қойған Асаубаева күміс медаль иеленді. Ер­лердің бәсекесінде өзбекстандық Нодирбек Аб­ду­сатторов алдына жан салмады.

Осы жарыста да жерлестеріміз барынша табысты өнер көрсетеді деп үміттенеміз.