Шотландияның Глазго қаласында Билли Джин Кинг кубогының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы Ұлыбритания командасына қарсы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева алғашқы кездесуінде ағылшын спортшысы Кейт Бултермен кездесті.
Үш сетте Путинцева 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Аталған матч 2 сағат 10 минутқа созылған.
Ойынның екінші кездесуінде Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ұлыбританиялық Харриет Дартпен кездеседі.