• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қараша, 2022

Қазақстанда автодоңғалақ құны өскен

185 рет
көрсетілді

Автокөліктің доңғалағын ауыстыру бойынша ұсыныс нарығы былтырғымен салыстырғанда 20%-ға төмендеп, қызметтерге сұраныс, керісінше 50%-ға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

OLX онлайн-хабарландыру сервисінің талдаушылары сервис деректеріне сүйене отырып, Қазақстандағы автоқызмет нарығына сараптама жасады. Ұсыныстар нарығында да, іздеу сұраныстарының саны бойынша да автомобиль қызметтерінің ең танымал түрі эвакуатор қызметі болған.

Сондай-ақ автомобильдің дөңгелегін ауыстыру бағасы да біршама өскен, деректер бойынша 12%-ға көтерілсе, жаңа доңғалақтардың өз бағасы 25% қымбаттаған. 

Осылайша, жаздық шиналарды қыстық түріне ауыстыру құны орташа есеппен 4 000 теңгені құраған. Бұл қызмет түрі Астана, Алматы және Шымкентте – тиісінше 6 000, 5 500 және 5 000 теңге болса, ең арзаны Қызылорда мен Тараз қаласында екен, қызметтің орташа құны 2 500 теңгені құраған. 

Автодоңғалақтар туралы айтсақ, сұраныс көбінде Алматы, Астана, Қарағанды қалаларында басым болған. Бағалары бойынша, пайдалануда болған автошиналардың орташа құны 45 000 теңге, ал жаңа түрі 80 000 теңге. Ең қымбат шиналар Астана қаласында кездессе, ең арзан баға Ақтау қаласында ұсынылған.