Желіде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бір топ жастардың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео Алматыда түсіріліп, egovpress Telegram арнасында жарияланған. Кадрларда көлік жүргізушісінің жолды кесіп өткені, жол қозғалысының басқа қатысушыларын басып озғаны, автобус жолағында қалай дрейфке шыққаны көрсетілген.
Сондай-ақ жол көлік ережесін бір емес, бірнеше адам бұзғаны белгілі болды. Аталған бейнежазбаның толық нұсқасы «Қазақстанның алтын жастары - қаладағы заңсыздық!» деген атаумен ресейлік блогердің MAJORKA YouTube-каналында жарияланды.
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі Жергілікті полиция басқармасының тергеу бөлімі әлеуметтік желіде пайда болған дабыл бойынша әрекет ету аясында тексеру жүргізді. Нәтижесінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған 6 жүргізуші жауапкершілікке тартылды:
«Лексус» автокөлігін басқарған 1998 жылы туған азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі (3 хаттама), 590-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрылды;
«BMW X5» маркалы автокөлігін басқарған 1993 жылы туған азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі (2-хаттама), 590-бабының 1-бөлігі, 601-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды;
«Range Rover» автокөлігін басқарған 1987 жылы туған азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі (3 хаттама), 590-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды;
«Toyota Land Cruiser 200» автокөлігін басқарған 1999 жылы туған азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі (3 хаттама) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды;
«Hyundai Sonata» автокөлігін басқарған 2003 жылы туған азамат: ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі (3 хаттама), 590-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрылды;
«Лексус 570» маркалы автокөлігін басқарған 1994 жылы туған азамат: ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі (2 хаттама), 601-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.