• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Саясат 12 Қазан, 2022

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

88 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес 2022 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы:

«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;

«Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі;

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі;

«Қазақстан спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған, 1953 жылы туған, қазақ, Астана қаласында тұратын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.