• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қараша, 2022

Павлодар облысында 31 жол апаты тіркелді

222 рет
көрсетілді

Екі күн ішінде Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 31 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz мәліметінше, бүгін сағат 06.15 шамасында Павлодар – Қызылорда автожолында Шідерті кентінің маңында Toyota Alphard маркалы екі автокөліктің қатысуымен жол апаты болған. Жол апаты салдарынан 34 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Сол күні сағат 07.30 шамасында Лимонная көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде Volksvagen Passat маркалы автокөліктің жүргізушісі 14 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді қаққан. Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың жүріс бөлігінен өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған бала ауруханаға жатқызылған. 

– Жаяу жүргіншілерге қыстың басталуымен жүргізушілерге көлік құралын басқару қиынырақ екенін еске саламыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік иелерін жазғы дөңгелектерін қысқы дөңгелекке ауыстыруға кеңес береміз, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.