• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 10 Қараша, 2022

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі артады

410 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 – 2027 жылдарға арналған болжамын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Болжам 2021 жылы экономиканың өсуі бойынша қорытынды деректерді, әлемдік экономиканың өсуі бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының көрсеткіштері мен экспорттық тауарлардың бағаларын ескере отырып қалыптастырылды. Халықаралық қаржы ұйымдарының консенсус болжамына сәйкес, мұнайдың әлемдік бағасы 2022 жылы барреліне 104,2 АҚШ долларын құрайды деп күтілуде. 2023 жылы әлемдік экономиканың өсуі 3%-ды құрайды», деді Әлібек Қуантыров Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, болжам мен бюджеттік параметрлерді қалыптастырудың негізі ретінде базалық сценарий алынды. Министрдің болжамы бойынша, бір баррель мұнайдың бағасы 85 АҚШ долларын құрайды. Ал ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 3,9%-ға жетеді.

Инфляция 2023 жылы 7,5-9,5%, 2024 жылы 4-5%, 2025 – 2027 жылдары 3-4% деңгейінде анықталды.

«ЖІӨ-нің нақты өсуі 2023 жылғы 4%-дан 2027 жылы 4,2%-ға дейін жеделдетіледі деп күтілуде. Номиналды ЖІӨ 120,7 трлн теңгеден 176,6 трлн теңгеге дейін өседі. 2023 жылы мұнай өндіру 92,6 млн тоннаны құрап, 2027 жылы 99,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 80,9 млрд АҚШ долларынан 84,6 млрд АҚШ долларына дейін, импорт 45,7 млрд АҚШ долларынан 53,5 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаяды», деп толықтырды министр.