• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қараша, 2022

Алматыда құрылыс жүріп жатқан үй кешенінен өрт шықты

164 рет
көрсетілді

Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде Алматыдағы Miracle тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы видео тарады.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 10 қарашада сағат 14:57-де Бостандық ауданындағы Абай даңғылы – Қашқар көшесінің қиылысына өрт сөндіру бөлімшелері жіберілгенін хабарлады.

«Салынып жатқан тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында өрт шыққаны анықталды. Өрт 15:07-де оқшауланып, 15:13-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады», деп нақтылады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.