• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2014

Елшімен әңгіме

180 рет
көрсетілді

Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков Француз Респуб­ликасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьенмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Тараптар Қазақстан мен Фран­ция арасындағы екіжақты ынты­мақ­тастықтың бірқатар мәселе­лерін талқылап, оның орнықты және оң сипатта дамып келе жат­қанын атап өтті. Кездесу барысында Бірінші дү­ние­жүзілік соғыстың бас­тал­ға­нына 100 жыл толуына байланысты  2014 жылы 14 шілдеде Парижде өте­тін шараларға қазақстандық деле­гацияның қатысу мәселесі талқыланды.