• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қараша, 2022

Биыл 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

354 рет
көрсетілді

2022 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,5 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды, деп жазады Egemen.kz.

«Жыл басынан бері құқық қорғау және арнайы органдар 2,5 мыңға жуық есірткі қылмысын анықтады. Барлығы 12,7 тонна есірткі тәркіленді. Есірткі түрлері бойынша: героин – 33 кг, апиын – 68 кг, синтетика – 507 кг, гашиш – 705 кг, марихуанна – 4 тоннадан астам тәркіленді», деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ спикер есірткіні тарату Интернет және электрондық төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Заманауи технологиялар есірткіні белсенді таратуға ықпал етеді. Есірткі сайттарының негізгі бөлігі «Кибернадзор» ақпараттық жүйесімен автоматты түрде бұғатталады. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық сайтқа кіру шектелген, оның ішінде Telegram мессенджерінде 1,5 мың аккаунт бұғатталды. Интернетті толығымен жабу, адамдарды электронды ақша аудару мүмкіндігінен айыру мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан құзыретті органдар теңдестірілген шешімдер кешенін әзірлеу қажет. Шаралардың бірі Қазақстанда ең танымал онлайн-платформалар мен төлем жүйелерінің меншік иелерінің өкілдіктері мен кеңселерін кеңейту болуы мүмкін. Осылайша, біз олардың қызметін заңнамамызға сүйене отырып реттей аламыз», деп түсіндірді Б.Әмірханов.