Қырғыз Республикасының Түркиядағы жаңа елшісі болып Руслан Қазақбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойған.
Мұндай ауыс-түйіске Түркияда елші қызметін атқарып жүрген Кубанычбек Омуралиевтің Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы болып тағайындалғаны себеп болды.