Украина Беларусьпен шекарада бекіністер мен дуал салып жатыр. Бұл туралы Telegram-да Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Кирило Тимошенко хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Қазір оңтүстікте халқымыз әскерилерімізді қарсы алып жатыр, ал солтүстікте тағы бір жұмыс қызу жүріп жатыр – Беларусь шекарасында қабырға тұрғызылуда. Волынь қаласында инженерлік кедергілер салынып жатыр. Атап айтқанда арық қазылып, тікенек сыммен қоршалған темірбетон қоршау салынады», деп жазды Тимошенко.
Ол қазірдің өзінде шекараның 3 шақырымдай бөлігі осылай жабдықталғанын атап өтті.
«Шекара мәселесі мұнымен біткен жоқ, бірақ біз егжей-тегжейлі бәрін айтпаймыз», деп қосты ол.