Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2022 жылдың 9 айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 19,85 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәселен, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте тауарлардың экспорты 6,51 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,3%-ға, ал импорт 13,33 млрд долларға (1,2% - ға) дейін өсті.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей – 92,4%, одан кейін Қырғызстан – 4%, Беларусь – 3,5% және Армения – 0,1%-дық үлеске ие.
Бұл ретте ЕАЭО елдеріне экспортта ең көп өсім химиялық элементтер бойынша 2,1 есе байқалады.
Сонымен қатар күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттардың экспорты 9 айда 76,1%-ға төмендеді.
Бұл ретте бидай мен қара бидай қоспасының импорты 2,1 есе өсті. Алайда жеңіл автомобильдер мен басқа да моторлы көліктердің импорты 71,7%-ға төмендеді.