• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қараша, 2022

Қазақстандықтар сайлауда электронды құжат арқылы дауыс бере алады

337 рет
көрсетілді

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров қазақстандықтар құжаттың электронды нұсқасын сайлау учаскелерінде ұсына алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Цифрлық құжаттар қазірдің өзінде азаматтарымыз арасында үлкен сұранысқа ие. Олар түпнұсқамен бірдей. Азаматтар eGov мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ Kaspi Bank және Halyk Bank мобильді қосымшалары арқылы цифрлық құжаттарды пайдалана отырып, сайлаушының жеке басын куәландыратын электрондық нұсқаны ұсынуға құқылы», деді ОСК отырысында Нұрлан Әбдіров.

Спикердің айтуынша, сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушылар тізімі негізінде цифрлық құжатты көрсеткеннен кейін сайлаушыға бюллетень беруге міндетті.