Белгілі қазақстандық жазушы және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өзінің қарттар үйінде жатқаны туралы қауесет таратқандарды сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мен өзімнің үйімдемін. Міне, менің кітаптарым, әртүрлі адамдармен түскен суреттерім. Сондықтан мен туралы өсек таратқандарды кешірмеймін, қажет болса, сотқа да беремін», деді Шаханов видео үндеуінде.
Бұған дейін жазушыны қарттар үйіне орналастырды деген ақпарат тараған болатын.