• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қараша, 2022

Қытайда COVID-19 жұқтырғандар саны өсті

174 рет
көрсетілді

Қытайда өткен тәулікте коронавирустың 1621 жаңа жағдайы расталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті Денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, соңғы күндері оңтүстік Гуандун провинциясында (5,6 мыңнан астам), Чунцин қаласында (2,9 мыңнан астам), Хэнань провинциясында (2,2 мыңнан астам), Ұйғыр автономиялық округі (800-ге жуық жағдай) және Шыңжаңда инфекцияның айтарлықтай өсуі байқалды. 

Бейжіңде коронавирус жұқтыру қаупі жоғары 240-тан астам тұрғын үй ауданы бар. Соңғы тәулікте Қытай астанасында COVID-19 инфекциясының 450-ден астам жағдайы анықталды. Шетелдік елшіліктер, халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен ірі корпорациялар орналасқан астананың Чаоян ауданында ерекше күрделі эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр. 

Бейжің муниципалды билігі Қытай астанасының тұрғындарын көп серуендемеуге, эпидемиологиялық қауіпті аймақтарға және банкеттер мен адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырады.

Биылғы жылдың қазан айының соңынан бастап Қытайдың барлық дерлік аймақтарында коронавирустың таралуының үдеуі мен ұлғаюы тіркелді.