• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Президент 16 Қараша, 2022

Президент: Жас ұрпақты жасыл желектерге ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу керек

230 рет
көрсетілді

Жалпы, бәрімізге экологиялық білім беруді күшейтіп, өскелең ұрпақты жасыл желектерге ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Алматы жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кейбір елдерде, атап айтқанда, Түркияда ағаштарды кесуге және жасыл аумақтарды жоюға үзілді-кесілді тыйым салатын заңдар бар. Мен шетелдік пайдалы тәжірибені пайдалануымыз керек деп ойлаймын», дейді Президент.

Президентті айтуынша, Алматы қаласының Бас жоспарын өзектендіру жұмысы аясында ауа ағындарының айналымын ескеретін бірыңғай қала құрылысы регламенті қабылдануы тиіс.

«Бұл шаралар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, азаматтардың денсаулығын сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенімдімін», деп қосты Қ.Тоқаев.