3-4 желтоқсан күндері Жапонияның бас шаһары – Токиода дзюдодан «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстың кезекті кезеңі өтеді. Аталған сында Қазақстан құрамасының 22 дзюдошысы (12 ер және 10 әйел) өнер көрсетеді.
Атап айтар болсақ, ерлер бәсекесінде Қазақстан құрамасынан Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин (60 кило), Есет Қуанов, Ермек Амангелді (66 кило), Жансай Смағұлов (73 кило), Абылайхан Жұбаназар, Максим Мейірлан (81 кило), Дидар Хамза (90 кило), Нұрлыхан Шерхан, Бекарыс Сәдуақас және Ғалымжан Қырықбай (-100 кило) татамиге шығады.
Ал әйелдер құрамасы сапынан Әбиба Әбужақынова (48 кило), Гауһар Ирмағамбетова, Толғанай Әбеуова (52 кило), Дана Әбдірова (57 кило), Самалай Ерғалиева, Есмігүл Күюлова (63 кило), Анастасия Маякова (70 кило), Аруна Жангелдина (78 кило) және Камила Берліқаш (+78 кило) бас жүлде үшін белдеседі.