• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Мамыр, 2014

Ықпалдастық – елдердің әлеуетін арттыратын күш

314 рет
көрсетілді

Келесі кезекте брифингке Израильдің Абсорбция министрлігінің бас ғалымы Зеэв Ханин және осы елдің Инфрақұрылым министрлігінің үйлестірушісі, саяси технолог Юрий Бочаров қатысты. Кездесуде сөз алған Зеэв Ханин өзге елдермен эконо­ми­калық, дипломатиялық, сая­си ынтымақтастық орнату тұрғы­сындағы мәселе бойынша өз ойын былайша жеткізді. «Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің инте­гра­циялық үдерісі, әсіресе, эконо­микалық интеграция үдерісі бәрі­мізге қызықты және пайдалы деп ойлаймын. Біріншіден, біз «жеңіл емес» өңірде орналасқандықтан, Израильдің ірі халықаралық ұйым­дармен, «мықты экономика­лар­мен» өзара интеграцияда аса бай тә­жі­рибесі бар. Ол – АҚШ. Себебі, бұл ел біздің ірі серіктесіміз. Одан кейін – Еуроодақ. Израиль соңғы уа­қытта жаңа нарықтарға шыға бас­тады. Ең бастысы, жоғары тех­но­логиялық нарыққа қадам басып келеміз». Сондай-ақ,ол экономикалық ынтымақтастықтың сан түрлі са­ла­лары бойынша, мәселен, ин­дус­трияландыру, медицина сала­ла­ры­ның аспектілері аясында ықпал­дасып келе жатқандарын айтты. «Қазақстан және басқа да ел­дер біздің әріптесіміз саналады. Қазіргі таңда біз Латын Америкасының, Оңтүстік және Шығыс Азия елдерінің нарығына шыға бастадық. Бұған қоса, Африка бағыты бойынша да қадам жасап келеміз. Әрине, бұл ретте бәрімізді, сарапшылық қауым­дастықты, ғылыми-сараптамалық қауымдастықты, Израиль үкі­ме­тіне қарасты салаларда жұмыс істейтін ғалымдар шоғырын бір сауал толғандырады. Ол сұрақ: «Еуразиялық одақ дегеніміз қандай одақ, бұл, өңірде біздің алатын орнымыз қандай?» дегенге саяды. Бұл ең алдымен, кезінде Ресей империясы болған, Кеңес Одағы болған, посткеңестік кеңістік болған «Шығыс Еуропаның жандануы». Ал Израиль оның саяси мәдениетінің белгілі бір бөлшегі, Израиль халқының үштен бір бөлігі өзінің тамырымен дәл осы өңір арқылы байланысып жатыр. Сондықтан, еуразиялық өңір біз үшін тек қана «тағы бір мемлекеттер тобы» емес, бұл біздің тарихымыз, біздің жадымыз, бұл өңір – көптеген израильдіктердің шыққан, олардың туған немесе осы жермен қандай да бір тамырластық байланысы бар өңір», – деді ол. Сондықтан, біздің мұндай ин­теграциялық үдеріс аясында өзара қарым-қатынасымыз қалай болуы тиіс деген жаңағы сипаттағы сауалымыздың өзегінде бірнеше мәселе жатыр деп есептеймін, деп жалғады сөзін З.Ханин. Бірін­шіден, Израильдің Еуроодақ сын­ды ірі ұйымдармен, еуропалық интеграциялық институттармен олардың ассоциацияланған мү­шесі ретінде әріптестік орнатуда өз тәжірибесі бар. Біз соңғы уақытта бұл өңірде болып жатқан үдерістер жөнінде көп естіп, көп оқып жүрміз. Ең алдымен, Кеден одағы құрылды, енді, міне, экономикалық одақ құру үдерісі басталды. Бұдан кейін жоғары деңгейдегі Еуразиялық одақ құру, осы елдер арасындағы саяси үй­лестіру мәселелері тұр. Мұны, Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде айтқан болатын. Бұл орайда, әрине, Кеңес Ода­ғының қайта құрылуы мүмкін деген қауіптену тұрғысындағы мәселе қоғамды толғандырғанын білеміз. Үш елдің мемлекет бас­шы­лары қандай шешімді қабыл­дағанына қарамастан, бұл Одақ­тың ықтимал серіктестері мен шынайы серіктестері үшін қазіргі таңда «қырғи-қабақ соғыс» ал­дын­дағыдай қандай да саяси теке­тірес аясында қандай бір жаққа жақтасып шығу секілді ешқандай қажеттілік жоқ. Саяси интеграция мен экономикалық интеграция ара­сында қандай да бір таңдау жасауға болады. З.Ханин келесі кезекте Израиль үшін осы үш елдің әрқайсысымен, я болмаса олардың барлығымен бір­ге экономикалық серіктес болу қарапайым, қалыпты қабыл­да­на­тын прагматикалық таңдау екенін атап көрсетті. «Яғни, бұл жерде мәселені қиындатудың немесе ғалам­дық-саяси қабылдауларға сәй­кес, жаңа бір мәселе туында­ту­дың еш ретін көріп тұрған жоқ­пын. Екіншіден, Израиль көлемі жағынан шағын мемлекет болғанымен, технологиялық тұр­ғыда «супердержава» болып саналады. Біз еуразиялық интеграцияға байланысты танысып, білуге мүмкіндік берілген қолда бар қан­дай да бір құжаттарды шолып шыққанымызда, не болмаса қандай да бір пікірлерге, құ­жат жобаларына қатысты сарап­тама жүргізгенімізде Израиль­ді қызықтыратын салалар бар еке­нін де байқадық. Ол салалар – индустриялық экономика­дан постиндустриялық экономикаға өту үдерісі, жоғары техноло­гия­лар жүйесіне жаңа элемент­тер енгізу. Ал егер, үш мемле­кет өзара бірігетін болса, ал оларға болашақта басқа да экономикалық серіктестер ретінде басқа да мемлекеттер келіп қосылатын болса, бұл өз кезегінде дәл осы постиндустриялық экономикаға қажетті әлеуетті кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ, ғылымға негізделген, жо­ға­ры технологиялық өндіріс орын­да­рының жандануына да сеп болады. Бұл мәселе Израильді айрықша қызықтырады», деді Зеэв Ханин. Үшінші кезекте ол Израильдің жаңа өңірлік ұйыммен байланысы аясында Қазақстан-Израиль қа­рым-қатынасын пайдалануға мүмкін болатындығын, се­бебі, бұл тәжірибе оң ауанға құрыл­ғандығын атап өтті. «Маған сан түрлі себептерге байланыс­ты бұл мәселені жақынырақ бақы­лауға мүмкіндік туған болатын. Мәселен, соңғы жылдары біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 есеге дейін өсті. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бұл Израильдің тауар айналымы энергия тасымалдаушыларды сатып алуына ғана байланысты емес, себебі, бүгінде Израиль – қазақстандық энергия көздерін тұтынатын ірі мемлекеттердің бірі. Алайда, ара-қатынас тек бұл саламен ғана шектеліп қалған жоқ. Қазір медициналық технология, биотехнология, хайтек, электроника, жаңа ақпараттық технология­лар салаларында да әріптестіктің жандануына қызығушылық та, мүдделілік те бар. Бір сөзбен айт­қанда, Қазақстанның эконо­ми­калық интеграцияның алаңы болғаны назар аудартарлық жағ­дай. Демек, Израиль бұл баста­ма­ны құптайды, сондықтан, біз­дің бәріміз үшін «мүмкіндіктер терезесінің» ашылуын мейлінше пайдалану маңызды деп санаймын», деді ол өзінің сөзінде. Брифингке келген спикерлерге журналистер, сарапшылар тарапынан әртүрлі сауалдар да қойылып жатты. Мәселен, сондай бір сауал: «Әлемде бәрібір де геосаясат пен экономика бір-бірімен байланыс­та болады. Яғни, алшақ жатпайды. Демек, алдағы уақытта, яғни Еуразиялық одақ аясында Қазақстан өзінің сыртқы саяси тәуелсіздігін, көпвекторлы саясатын, өзінің тәуелсіз ұс­та­ны­мын қалай сақтауы керек? Бұл ретте Израильдің көзқарасы қандай?», деген тұрғыда қойылды. Юрий Бочаров бұл сұраққа былайша жауап берді: «Біздің қоғамда да дәл осындай мәселе туындап жа­тады. Егер сіздерде Қазақстан мен Ресей болса, бізде Израиль мен АҚШ. Көптеген БАҚ-тарда бұл мәселелер ашық түрде жазылып, «бұл ел өзге елдің шылауына айналды» немесе «бұл ел АҚШ-тың айтқанына көніп, олардың айтқанымен жүретін ел» деген сипатта сынайтын сан түрлі пікірлер де ауық-ауық айтылып қалып жатады. Алайда, еліміздің ішкі дамуын саралай және бақылай келе, еліміздегі көптеген үдерістердің Израильдің үкіметі мен премьер-министрінің бастамасымен, қол­ға алуымен жүргізіліп келе жатқанын аңғарамын. Демек, бәрі де ел халқының ішкі күш-жігеріне, мемлекет басшылығының күш-жігері мен мүмкіндігіне байланысты болады. Қазақстан туралы да осыны айтуға болады деп есептеймін. Бір ғана мысал. Мәселен, мен бүгін сіздердің Тәуелсіздік сарайларыңыздың жоғары қабатына көтеріліп, Астана қаласының даму жоспарын көріп, бақылаған кезде ол жерде Қазақстан басшылығының әр кезде әлем бойынша, өңір бойынша үнемі алда болу тұрғысындағы бар арман-мақсаты, тілегі, мүмкіндігі көрініс тапқандай екен. Бұл, әрине, құптарлық жағдай. Менің ойымша, Қазақстан Президентінің күш-жігері осыны жүзеге асыруға, белгілі бір елдің шылауына айналмауына толықтай жетеді деп ойлаймын және соған үмітім бар». Келесі кезекте журналистер та­ра­пынан: «Ресейге жұмыс мигра­циясының көп тартылатыны, тиі­сінше, бұл елге миграцияның көптеп ағылатыны белгілі. Бұл орайда, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы жұмыс миграциясы ағынының, еңбек ресурстарын пайдалану жүйесінің өзгеруіне, яғни оның күшеюі мен азаюына әсер ете ме?» деген сауал қойылды. Бұл сұраққа Зеэв Ханин: «Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртер болсақ, әрине, азаматтар әлеуеті төмен елдерден гөрі, әлеуеті жоғары елдерге көптеп ағылатынын білеміз. Сондықтан, 3 елдің ірі индустриялық орталықтарына миграциялық ағын көптеп тартылуы мүмкін. Бұл, әсіресе, осыған әсер ететін тетік тиімді және дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, заңдық тұрғыда қамтамасыз етілген жағдайда кең етек алуы мүмкін. Екінші жағынан алғанда, егер, Израиль мен Еуропа әріптестігінің тәжрибесіне көз жүгіртер болсақ, бұл мәселеде кедергілер неғұрлым аз болса, бірінші кезеңде миграциялық ағын көбейіп, одан кейін ол жағдай тұрақталып, артынша кері ағын орын алуы мүмкін. Мәселен, Израильден 1970, 1980, 1990-жылдары, әсіресе, кәсіби кадрларға байланысты күрделі миграциялық үдеріс болған еді. Олар көбінесе, АҚШ-қа, Еуропаға, Ресейге ағылды. Алайда, 2008 жылдан кейін біз кері үдерістің орын алғанын, яғни мықты израиль мамандарының өз елімізге қайта оралу үдерісін көптеп байқап келеміз. Олардың артынан шетелдік мамандар да тартылуда. Сондықтан, миграцияға «біржақты қозғалыс» ретінде қарауға болмайды. Демек, Еуразиялық эко­но­микалық одақ тудыратын мүм­­кіндіктер бұл мәселені де жүйе­леуге де жол ашады деп есеп­теймін», деп жауап берді. Брифинг барысында спикер­лерге алдағы уақытта Еуразиялық эко­номикалық одаққа кіретін елдер санының артуы, мәселен, Израиль­дің де осындай интегра­циялық үдеріске тартылу мүм­кіндігі тұрғысында да сауалдар қойылды. Бұл орайда, өз ойын білдірген Юрий Бочаров: «Егер, сіздерде барлығы жақсы болса, тиісінше, көп елдердің тарты­лу мүмкіндігі де жоғары бола­ды. Иә, Израильді осындай нарық­тың, осындай экономикалық мүм­кіндіктердің қызықтырмай қой­майтыны сөзсіз. Еуразиялық эко­номикалық одақтың құрылуының астарында тек экономикалық кедергілерді шешу жолдары ғана жатқан жоқ, оның астарында елдердің өз ішіндегі саяси, заңдық-нормативтік, бюрократтық мәселелерді де шешу бар. Қазір әлемде асқынып тұрған мәселелердің бірі – ол бюрократия. Кез келген президент, кез келген премьер қазіргі кезде өз еліне тиімді шешімді қабылдағысы келеді. Ал бұл шешімді іс жүзінде жүзеге асыру өте қиын. Ал қазір сіздер дәл осындай сипаттағы мәселелерді шешіп жатырсыздар, осындай мәселелермен күресіп жатырсыздар. Ал сіздер осындай кедергілерді жойып, ішкі мәселелерді толықтай шешетін болсаңыздар, онда сөзсіз, Таяу Шығысқа ғана емес, әлемнің басқа елдеріне де қызығушылық тудыратын боласыздар. Ол кезде сіздерге барлығы тартылатын болады», деді.