Орталық сайлау комиссиясы сағат 12:00-дегі президент сайлауының өту қарқыны жайлы деректерді бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, таңертеңнен бері 4 606 596 азамат дауыс берген.
«Бұл тізімге енген барлық сайлаушылардың 38,55%-ын құрайды», деді Асылбек Айжарықұлы.
Сондай-ақ ол өңірлердегі сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келу қарқыны жайлы статистикамен бөлісті:
Абай облысы 43,67 %
Ақмола облысы 40,13 %
Ақтөбе облысы 44,48 %
Алматы облысы 25,83 %
Атырау облысы 40,42 %
БҚО облысы 27,55 %
Жамбыл облысы 41,29 %
Жетісу облысы 42,18 %
Қарағанды облысы 44,99 %
Қостанай облысы 42,87 %
Қызылорда облысы 43,46 %
Маңғыстау облысы 41,19 %
Павлодар облысы 44,23 %
СҚО 43,64 %
Түркістан облысы 64, 21 %
Ұлытау облысы 52,22 %
ШҚО 41,86 %
Астана қаласы 19,33 %
Алматы қаласы 16,89 %
Шымкент қаласы 34,41 %