• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2022

Алматыдағы кейбір сайлау учаскелерінде кезек пайда болды

255 рет
көрсетілді

Алматыдағы №433, 429, 522, 385 сайлау учаскесінде дауыс беруге келгендердің кезегі қалыптасты. Қала тұрғындары кабиналардың босауын күтіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы сәттерде Алматы қаласы бойынша ҚР Президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығы алаңында сайлауды қоғамдық бақылаушылардың қатысуымен брифинг өтті.

Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Бақылаушылар мектебінің тренері Бекнұр Қисықов сайлауға қатысты пікірін білдірді.

Бекнұр Қисықовтың айтуынша, Сайлау күні шын мәнінде мерекелік күн, дауыс берушілердің алғашқы легі сайлау учаскелері ашыла сала, таңғы 7-ден келген.

«Әлі де дауыс бере қоймаған алматылықтарды өз құқықтарын толық қолдануға шақырамыз. Алматы тұрғындарының 17 %-ы дауыс берді. Кешке дейін бұл көрсеткіш көбейеді деп ойлаймын. Жалпы сайлау барысы қалыпты өтіп жатыр», деді бақылаушы.