• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2022

Жетісу облысында жас жұбайлар сайлау учаскесіне барды

414 рет
көрсетілді

Некелері қиыла салып, сайлау учаскесіне дауыс беруге келген жас жұбайлар елді таңғалдырды, деп жазады Egemen.kz.

Жетісу облысына қарасты Кербұлақ ауданының тұрғындары Медет Аманбаев пен Индира Ерболатова бүгін шаңырақ көтеріп отыр. Осы қуанышты күнде жас жұбайлар Сарыөзектегі Әбікен Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №613 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

Сайлау күні мен отау құру күнінің қатар келуін олар жақсылықтың нышаны деп есептейді.

«Біз отбасылық өмірдегі алғашқы қадамымызды еліміздің ертеңін өзгертуге үлес қосудан бастағымыз келді. Сайлауда дауыс беру – өз болашағыңа дауыс беру», дейді жас жұбайлар.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, дәл қазір Жетісу облысында сайлаушылардың 68,88%-ы  дауыс берген.