• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Таным 21 Қараша, 2022

Әмбебап техника

441 рет
көрсетілді

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев әріптестерімен бірге 4 машинаның жұмысын атқаратын әмбебап техниканы әзірледі. «Болашақ» түлегі мемлекеттен грант алып, техниканың бірнеше данасын сынақтан өткізіп үлгерген.

Қазақстандық ғалымның өнер­табысының көмегімен ша­руалар бірнеше жұмысты бір техниканың көмегімен жү­зе­ге асыра алады. Сонымен қа­­тар бұл отын шығынын 3 есе­, газдың ат­мос­­­­фераға шығуын 2-3 есеге азайтады, ал өнімділік 10-15%-ға кө­бейеді. Инновациялық құрыл­ғы­ның Қазақстан және ТМД мем­лекеттерінде баламасы жоқ.

«Мен еңбек жолымды ­­ауыл­да бастадым және шаруа­лар­дың жұмысы қаншалық­ты ауыр екенін білемін. Шетелде тағылымдамадан өтуім, ауыл­шаруашылық өндірісіндегі көп­жылдық еңбегім ғалым ретін­де қалыптасуыма ықпал етті. Таяуда бұл әзірлемем жап­пай өндіріске шығады деп се­немін», деп атап өтті Нұр­лыбай Манабаев.

Ол «Болашақ» бағдар­ла­ма­сымен К.А.Тимирязев атында­ғы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында ғылыми тағы­лымдамадан өткен. Айта кете­лік, ғалымның трактор тір­ке­месі жер жыртады, егістік тегіс­тейді, арық қазады. Бұл тех­никаны жасауға темір де аз кетеді. Яғни 800 килоға дейін жеңілдейді. Ғалым техниканы патенттеп те үлгерген екен. Ен­ді демеуші табылып жатса, жаппай өндіріске шығаруға әзір. Шымкент қалалық ауыл шарушылығы және ветеринария басқарма басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков атал­ған жоба өндіріске енгізу мүмкіндігіне ие екенін жеткізді.