• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Ғылым 21 Қараша, 2022

ІТ: Үнем мен үлес

169 рет
көрсетілді

Дамудың даңғыл жолына түскен еліміз үшін әр саланың қарқынды дамуы маңызды. Бұл ретте мемлекетіміздің өркендеуі үшін білімді жастардың қатарға қосылғаны қажет-ақ. Цифрландыруға қадам басқан сайын еліміздің білім жүйесі де жаңғырып жатыр. Күні кеше Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин төменгі сынып оқушыларын ауыр сөмкеден құтқарып, планшет қолдану жоспары бар екенін айтты. Осы және өзге де жаңашылдықтар жаңа Қазақстанның білім саласының дамуына дүмпу берері сөзсіз.

Білім жүйесінің аса күрделі және жауапты сала екендігін, оны реформалауда қателіктер жі­берілсе, бірнеше ұрпақтың тағ­дырына, мемлекетіміз бен ұлты­мыздың тәуелсіздігі мен қауіп­сіздігіне зиянын тигізуі мүмкін еке­нін білеміз. Сондықтан да білім­нің сапасын арттыру үшін бі­лім жүйесінде қысқа мерзім ішін­де күрт өзгерістер жасаудың қауіп­ті де, қатерлі екенін әрқашан ес­кергеніміз жөн. Содан болар, елі­міздегі білім жүйесін жаңғырту қазіргі өркениеттің өзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп өндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға сәйкес дер ке­зінде жаңарып, жетіліп, бе­йім­деліп келеді. Білім беру орын­да­рының оқу-материалдық, кадр­лық базасының моральдық та, материалдық та жағынан барынша жаңартылуы қажет-ақ.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері классикалық үлгідегі бі­лім жүйесі жаңа инновацияға бағ­дарланған модельге ауысты­ры­лып жатыр. Десе де, әлі күнге дейін на­рық талабына сай білікті мамандарды даярлауда проблеманың бар екені жасырын емес. Бұған бірден-бір себеп – жоғары оқу орындарындағы материалдық-техникалық базаның тиісті дең­гейде болмауы десек артық айтқа­нымыз емес.

Бұл ретте қазіргі таңдағы жа­һандану мен индустрияландыру жағдайында экономиканың барлық саласы үшін кадрлар даярлау мәселелерін жақсарту еліміздің мемлекеттік саясатындағы өзекті міндеттердің бірі. Кадрлар даярлау жүйесін халықаралық талаптармен үйлесуі үшін әлі де тиісті жұмыстар атқаруымыз керек, оның ішінде цифрландыруға да айрықша назар аударуымыз қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да цифрландыру­дың еңбек  нарығындағы рөлін зерделеп айтты. Техникалық және кәсіптік білім беру мен оқытуды жаңғырту үдерісі цифрлық экономика мен цифрлық қоғамға көшу­дің жаһандық үдерістерінен туын­дап жатыр. Әлемдік экономикада­ғы, қоғамдағы үздіксіз өзгеріс­тер жағдайында кадрлар даярлау жүйесін үнемі жаңғыртып отыру қажет, дәстүрлі форматтар ес­кір­ген. Өз кезегінде, өндірістің транс­формациясы кадрлардың кә­сіби дағдыларының өзекті болуын, заманауи құрылғыларда жұ­мыс істей алуын үнемі қа­жет етіп тұрады. Қазақстан Респуб­ликасының білім беру жүйесінің реформалануы қоғамның демо­кратиялық бағыт­та дами баста­ғанын көрсетеді. Бұл ретте білім беру ордалары­ның жаңа типті инновациялық бағытта жұмы­сын жалғастыруы жеке тұлғаны толық дамыту тұжы­рымдамасына сәйкес келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде де бі­лім сапасын арттырудың тың те­тік­тері қолға алынып, білім беру­дің жаңа моделі қалыптасып келеді. Білім ошағында страте­ги­ялық HR жүйесін енгізіп, про­фессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлердің кәсіби бі­лік­тілігін арттыруға арналған онлайн-платформаны жетілдіру жұ­мыстары қолға алынбақ. Сондай-ақ әлеуметтік инклюзия мен қо­лайлы оқу шарттарын нығайту, цифрлық менеджмент пен «paper free university» (қағазсыз университет) жүйесі, т.б. өзекті іс-шаралар жетілдіріледі.

Иә, білім беру жүйесінің жа­һандық сын-қатерлерін ескерсек, білім беру саласындағы ынты­мақ­тастық пен мәдени алмасудың маңызы ерекше. Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ макро деңгейде білім беру және ғы­лыми-инновациялық қызмет нәти­желеріне қол жеткізуге бағыт­талған даму бағдарламасын іске асырып жатыр. Біздің университет QS жаһандық рейтингінде әлемдегі ең үздік университеттер арасында 150-орында, сондай-ақ ұлттық және халықаралық рейтингтерде алдыңғы орындардан жиі көрінеді. Оқу орнының білім беру және ғылыми әлеуетін ескере отырып, Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті моделін құруға мүмкіндігі зор. Бүгінде университеттік білім бе­рудің перспективалық моделі қа­лыптасуда: оқу орнында 500-ден астам білім беру бағдарламасы іске асырылуда, 137 білім беру бағдарламасы QS by Subject рей­тингінде 500 тобына кірді. Әлем­нің жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен стратегиялық әріптестік жүзеге асы­рылады. Қос диплом бағ­дар­ла­малары, халықаралық жобалар, ОПҚ үшін тағылымдама­лар және білім алушылардың ака­демия­лық ұтқырлығы табысты жүр­­гі­зіліп ­жатыр. Мұның бәрі жаңа Қазақ­станға нық қадам басып, бі­лім саласын жетілдіруге ба­ғыт­талған баянды жобалар екені сөзсіз.

 

Бақыт СҰЛТАНОВА,

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент