• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Саясат 22 Қараша, 2022

Қоғам үмітінің көрсеткіші

241 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Президент сайлауындағы дауыс берудің алдын ала қорытындыларын жариялады. Біздің кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сайлаушылардың 81,3 пайызы дауыс берді. Бұл Exit-poll деректеріне толығымен сәйкес келеді.

Барша қазақстандықты Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың сенімді же­ңісімен құттықтаймын! Мұн­дай жоғары нәтиже Президенттің Әді­летті де қуатты Қазақстанды құру бағытының еліміздің барша аза­матының басын біріктіріп, қоғам үмітін толық ақтағанын көрсетеді.

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері барлық өңір халқы­мен кездесті. 3 млн сай­лау­шыны қамтыған 24 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өт­кізілді. Барлық салада қазақ­стан­дықтардың Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның реформалар бағытын бел­сенді түрде қолдайтыны байқал­ды. Көпшілік оның халықаралық деңгейдегі сарабдал саясаты мен қаңтар оқиғасы кезіндегі батыл әрекет­терін атап өтті.

Азаматтар белсенділік танытып, сұрақтарын қойып, өз пікірлерін ашық білдірді. Ха­лықтың нақты өзгерістер күтетіні және оған өздері әсер етуге ниетті екендері сезіліп тұрды. Тұрғындар сауалының басым бөлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Ол көптеген өзекті әлеуметтік мәселені шешеді және ондағы әрбір іс-шара нақты есептеліп, қаржылай қамтамасыз етілген.

Бағдарламаның арқасында біз алдағы 7 жылда ел қалай дамиды, халықтың тұрмысы қалай жақсарады деген қоғамның басты сұрағына жауап бере алдық.

2022 жылдың 20 қарашасында Тәуелсіз Қазақстанның дамуын­­дағы жаңа кезең басталды. Пре­­зи­дентіміз Қасым-Жомарт Ке­мелұлы Тоқаевтың басшылы­­ғы­мен біз алға қойған барлық мақ­сатқа бірге жететінімізге сенімдімін!

Қазақстан халқы өз таңдауын жасады! Енді бізге тек жұмыс істеу керек!

 

Ерлан ҚОШАНОВ,

Мәжіліс Төрағасы