2019 жылы билікке келген Қ.Тоқаев енді 2029 жылға дейін Орталық Азиядағы ең ірі республиканы басқарады.
«Жеті жыл жеткілікті уақыт деп ойлаймын. Ең бастысы, біздің елде билікке монополия болмайды», деді өз учаскесіне келіп, дауыс беріп болған соң журналистердің сұрақтарына жауап берген Қ.Тоқаев. Сондай-ақ Қазақ елінің басшысы 2023 жылы өтетін Парламент сайлауына тоқталып, тоғыз саяси партия тіркелетінін айтты.
Елдің саяси байланысын айтар болсақ, Астана Мәскеумен де, Бейжіңмен де тығыз байланыста, Батыс елдерімен де ашық ынтымақтастықта. Қ.Тоқаев елден заңсыз шығарылған капиталды қайтаруға қатысты жаңа заңның бекітілуін талап етті.