Бүгін сағат 06:22-де Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 264 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 10.0. MPV магнитудасы – 4.5. Эпицентрінің ошағы 44.54° с.е 79.64° ш.б. Тереңдігі 20 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ.