Бүгінгі Үкімет отырысының соңында Әлихан Смайылов қызметтік борышын атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада дүниеден өткен елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Оның есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ерлігі ұрпаққа үлгі!», деп атап өтті Үкімет басшысы.