Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған жол апатынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті ПД бастығының орынбасары Айдос Құлжановтың айтуынша, 22 қарашада Ақтөбе-Астрахань тас жолында Мұғалжар ауданы, Елек ауылының маңында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шығып кетіп, 43 жастағы жүргізуші басқарған «Lada Largus» көлігімен соқтығысқан. Lada көлігі соқтығысудан қарсы жолаққа шығып кетіп, «Kia Sorrento» көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан Lada Largus көлігінің жүргізушісі мен алты жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Kia көлігінің төрт жолаушысы дене жарақаттарын алды.