• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қараша, 2022

Бейбіт Жукаев «Челленджер» турнирінің екінші айналымына шықты

179 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Жапонияның Йоккаити қаласында өткен «Челленджер» сериясы турнирінің бірінші айналымында жапондық Юта Шимицаны жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір сағат ойын уақытында Жукаев жеті эйс ұсынды, бес қос қателік жіберді және төрт брейкті жүзеге асырды.

Турнирдің екінші раундында қазақстандық спортшы Юсуке Ватанукимен шайқасуы керек.

«Бұл менің Жапониядағы үшінші «Челленджерім». Матцуямеде мен іріктеуде жеңілдім, ал Кобеде екінші айналымға жеттім. Онда тең матчта австралиялыққа жол бердім. Мұнда Йоккаитиде өзімнің барлық жоғары мүмкіндігімді көрсетіп, турнир торынан мүмкіндігінше әрі қарай өткім келеді. Бәрі ойдағыдай болатынына сенемін», деді ойыннан кейін Жукаев.